Ключевое слово: ««құт» ұғымы»
Шойбек Б. М., Жорабай К. , Шойбекова А. Ж. Ежелгі түркі мәдениетіндегі кеңістік пен уақыттың рәміздік негіздері // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2025. – . – URL: http://e-koncept.ru/2025/0.htm
Бұл мақала ежелгі түркі мәдениетіндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының рәміздік негіздерін зерттеуге арналған. Кеңістік пен уақыт – адамзат дүниетанымының маңызды элементтері болып табылатын түсініктер. Түркі халықтарының мифологиялық көзқарастарына сәйкес, әлем үш деңгейлі құрылымға бөлінеді: жоғарғы (аспан), ортаңғы (жер) және төменгі (жерасты). Бұл түсінік олардың әлеуметтік, саяси және рухани өмірінде маңызды орын алған. Киіз үйдің құрылымы, табиғат құбылыстары және жыл мезгілдерінің айналымы түркі мәдениетінде уақыт пен кеңістіктің циклі мен рәміздік мағынасын айқындайды. Орхон-Енисей жазбалары, халық аңыздары мен эпостарында бұл түсініктер кеңінен көрініс тапқан. Сонымен қатар, кеңістік пен уақытқа байланысты «құт» ұғымының маңыздылығы түркі халықтарының өмір сүру философиясын бейнелейді. Түркі мәдениетіндегі уақыт пен кеңістіктің символикалық мәнін зерттеу олардың тарихи, мәдени және дүниетанымдық ерекшеліктерін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Ключевые слова:
мифология, түркі мәдениеті, кеңістік, уақыт, рәміздік негіздер, орхон-енисей жазбалары, киіз үй, дүниетаным, «құт» ұғымы, табиғат пен адам, көшпелі өркениет
Б. М. Шойбек