Ключевое слово: «адамгершілік тәрбие»

Қайырсапарова И. А., Ергалиева Г. А. Білім алушылардың адамгершілік тұлғасын тәрбиелеу үшін сынып жетекшісі мен ата-аналардың бірлескен қызметін ұйымдастыру // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2023. – . – URL: http://e-koncept.ru/2023/0.htm
Адамгершілік тәрбие мәселесінің өзектілігі қазіргі елміздегі рухани жұтаңдықтың орын алуы, жастар санасының сыңаржықтылығы және қоғамының дағдарысына байланысты болып отыр. Барлық жерде рухани заңдарды елемеу байқалады, жоғары құндылықтар мен мұраттар туралы идеялар жоғалып кетті. Қазіргі жағдайдан шығу-отбасылық тәрбиенің адамгершілік дәстүрлерін жаңғырту және сақтау болып табылады. Осыған орай отбасылармен жұмысты ұйымдастыру үшін біз Г. А. Новокшонованың әдістемелік құралынан жадынаманы қолданв отырып біз ата-аналардың рухани-адамгершілік тәрбиесін ұйымдастырудағы қиындықтары мен бірнеше себептерін анықтадық. Бұл тәжирибе жүзіндегі алынған мәліметтер бастауыш сыныпта оқу тәрбие үдерісінде ата-аналармен бірлескен жұмыстарды ұйымдастыруға негіз болады. Біз ата-аналар мен балаларға рухани-адамгершілік тәрбие мәселелерінде көмектесу қажет деп санадық.