Ключевое слово: «бастауыш сынып»
Куанышева К. С., Хасанова И. У. Когнитивті оқыту арқылы оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыру // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2022. – . – URL: http://e-koncept.ru/2022/0.htm
Мақалада когнитивті оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық санасын қалыптастыруда қарастырылатын негізгі тұжырымдар түсіндіріледі. Қазақ тіл біліміндегі когнитивті тіл білімі мен лингвомәдениеттану ғылымдарының зерттеу нәтижелерін педагогикалық тұрғыдан негіздеп, грамматикалық ұғымдарды меңгертудің ұлттық танымдық санамен байланысты қыры қарастырылады. Адамзаттық құндылықтар мен рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, еліне қызмет ететін елжанды тұлғаны тәрбиелеуде, алдымен, ұлттық сана ұғымына түсінік беріліп, қазақ тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының ұлттық санасын қалыптастырудың маңыздылығы айтылады.
Ключевые слова:
ұлттық тәрбие, когнитивті тіл білімі, лингвомәдениеттану, когнитивті оқыту, ұлттық таным, ұлттық сана, қазақ тілі, бастауыш сынып
Оразбаева Б. Н., Хасанова И. У. Жыл мезгілдері концептісін оқытудың танымдық сипаты // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2022. – . – URL: http://e-koncept.ru/2022/0.htm
Бұл мақалада жыл мезгілдері концептісін оқытуда әр жыл мезгілдері концептісінің ерекшеліктері сипатталады, әр мезгілде болатын өзгерістер, құбылыстар және сол құбылыстардың ежелгі және қазіргі ел ішіндегі атауларын таныту мақсатындағы теориялық негіздері мен оқыту әдістері қарастырылады. Халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қоғамдық мәдени даму сатысындағы озық үлгілері қамтылған жыл мезгілдерінің концептілік жүйесін бастауыш мектептен бастап қазақ тілі сабағында танымдық тұрғыдан оқытуға баса көңіл бөлінеді. Мәдени мұраларымыз негізінде жыл мезгілдері концептісін басты ұстаным етіп алып, ұлттық таным, ұлттық ойлауды қалыптастырудың тиімді жолдары көрсетіледі. Жыл мезгілдері концептісін оқытудың танымдық ерекшелігіне мән бере отырып, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту мақсаты көзделеді.
Қайырсапарова И. А., Ергалиева Г. А. Білім алушылардың адамгершілік тұлғасын тәрбиелеу үшін сынып жетекшісі мен ата-аналардың бірлескен қызметін ұйымдастыру // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2023. – . – URL: http://e-koncept.ru/2023/0.htm
Адамгершілік тәрбие мәселесінің өзектілігі қазіргі елміздегі рухани жұтаңдықтың орын алуы, жастар санасының сыңаржықтылығы және қоғамының дағдарысына байланысты болып отыр. Барлық жерде рухани заңдарды елемеу байқалады, жоғары құндылықтар мен мұраттар туралы идеялар жоғалып кетті. Қазіргі жағдайдан шығу-отбасылық тәрбиенің адамгершілік дәстүрлерін жаңғырту және сақтау болып табылады. Осыған орай отбасылармен жұмысты ұйымдастыру үшін біз Г. А. Новокшонованың әдістемелік құралынан жадынаманы қолданв отырып біз ата-аналардың рухани-адамгершілік тәрбиесін ұйымдастырудағы қиындықтары мен бірнеше себептерін анықтадық. Бұл тәжирибе жүзіндегі алынған мәліметтер бастауыш сыныпта оқу тәрбие үдерісінде ата-аналармен бірлескен жұмыстарды ұйымдастыруға негіз болады. Біз ата-аналар мен балаларға рухани-адамгершілік тәрбие мәселелерінде көмектесу қажет деп санадық.
Ключевые слова:
бастауыш сынып, адамгершілік, адамгершілік тәрбие, ата-аналармен біріккен жұмыстар, рухани сана, құндылық
Абаева Ж. А. Бастауыш сынып оқушыларының сабақ барысында қызығушылығын арттыруға арналған интерактивті бағдарламалар // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2024. – . – С. 336–340. – URL: http://e-koncept.ru/2024/0.htm
Мақалада интерактивті бағдарламаларды бастауыш сынып пәндерінде қолданудың ерекшелігі мен маңызы талдана отырып, оқушының функционалдық суаттылығын арттыруға мән беріледі. Түрлі электронды платформалар қарастырылып, оларды сабақта қолданудың жолдары қарастырылады.
Избаскан С. З., Ергалиева Г. А. Бастауыш сыныпта жаратылыстану пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың жобалық іс әрекетін ұйымдастыру // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2024. – . – С. 366–370. – URL: http://e-koncept.ru/2024/0.htm
Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының жобалау-зерттеу қызметінің маңызы мен мәні жүргізу бағыты сипатталады. Тәжірибе жүзінде жаратылыстану пәні барысында жүргізілген эксперименттік жұмыстар нәтижесі мен оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытудағы ролі сипатталады. « Жаратылыстану «пәнін оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының жобалау – зерттеу қызметін ұйымдастырудың педагогикалық шарттары берілген.
Ключевые слова:
бастауыш сынып, тұлға, оқушы, жоба, зерттеушілік қызмет, оқыту, тәрбие, сауалнама, бақылау, саралау, педагогикалық тәжірибе және т.б.