Ключевое слово: «креативтілік»
Толепова
А.
А.
, Есқақова
Ф.
Е.
4К моделі: сыни ойлауды, шығармашылықты, қарым-қатынасты және ынтымақтастықты өлшеу құралы ретінде //
Научно-методический электронный журнал «Концепт». –
2022. –
.
– URL: https://e-koncept.ru/2022/0.htm?id=31370
Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың негізгі бағыттары айқындалған. Мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсартуға арналған іс-шаралар кешенінің ішінде 4К моделін қолдану басымдыққа ие. 4К идеялары балалардың бойында ерте жастан дамыту қажет негізгі дағдылармен тығыз байланысты: – сыни ойлау; – проблемаларды шығармашылықпен шеше білу; – сындарлы диалог немесе қарым-қатынас; – командада жұмыс істеу. Бұл идеялар балалардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін, олардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескерумен тығыз байланысты және баланың зияткерлік, әлеуметтік және тұлғалық дамуына оң ықпал етуге бағдарланған.
Байзакова
С.
С.
, Устаева
З.
С.
Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің жұмсақ дағдыларын дамытудың маңыздылығы //
Научно-методический электронный журнал «Концепт». –
2026. –
.
– URL: https://e-koncept.ru/2026/0.htm?id=51618
Қазіргі цифрлық қоғамда педагогикалық жоғары оқу орындары болашақ ұрпақты тәрбиелейтін және заманауи білім беру сын-қатерлеріне жауап бере алатын білікті мамандарды даярлауда стратегиялық рөл атқарады. Алайда, кәсіби пәндік біліммен қатар, болашақ мұғалімдердің жұмсақ дағдыларын (soft skills) дамыту айрықша маңыздылыққа ие болуда. Мақалада цифрлық трансформация контексіндегі педагогикалық ЖОО студенттерінің жұмсақ дағдыларын дамытудың қажеттілігі қарастырылады. Эмпатия, коммуникация, ынтымақтастық, сыни ойлау және креативтілік сияқты дағдылар заманауи педагогтың кәсіби құзыреттілігінің ажырамас бөлігіне айналуда. Мақалада пәндік терең білім (hard skills) мен тұлғааралық икемді дағдылар (soft skills) арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың маңыздылығы негізделеді. Сондай-ақ, еңбек нарығындағы өзгерістер мен білім беру ортасындағы адаптация, мәселелерді шығармашылықпен шешу және ұжымдағы тиімді әрекеттесу қабілеттерінің құндылығы талқыланады. Қорытындыда мақала авторлары цифрлық қоғамда бәсекеге қабілетті және жан-жақты дамыған педагог мамандарды даярлау үшін оқу жоспарына жұмсақ дағдыларды оқыту әдістемелерін интеграциялауды ұсынады.
А. А. Толепова
С. С. Байзакова