Ключевое слово: «көзқарастар»
Сагидулла А. Р., Казетова А. Х. Дарынды балалармен педагогикалық жұмыс ерекшеліктері // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2023. – . – URL: http://e-koncept.ru/2023/0.htm
Қазіргі таңда қоғамның интеллектуальдық және шығармашылық негізі – дарынды балалармен жас өспірімдердің дамуына қолайлы жағдай жасай білуімен байланысты. Дарынды балалармен жұмыс істеу кезінде мектептен тыс көркем өнер, музыкалық, спорттық мекемелер, ғылыми қоғамдар, жоғарғы оқу орындары айтарлықтай роль атқаруға тиіс. Өйткені «Дарындылар» аудиторияларын кеңейту және олардың шығармашылық қабілетінің дамуы үшін табиғи жағдайлардың сақталуына мүмкіндік беру көкейкесті мәселе болып отыр. Оқушы мектеп қабырғасында білім стандартына сәйкес білім алумен қатар, ғылым көкжиегіне көз жіберіп, зерттеу мен зерделеуді, саралап – сараптауды үйрене бастауы тиіс. Бүгінгі күні өте қабілетті, дарынды балаларды іріктеп, олардың дамуына жағдай жасау кезек күттірмейтін іс. Бала қабілеті мен дарынын толық ашу бала үшін ғана емес, ең алдымен, қоғам үшін маңызды. Егер, дарынды балаларды ата-аналары, ұстаздары, қоғам, құрдастары, тарапынан дұрыс әлеуметтік, педагогикалық тәрбие берілсе, профилактикалық жұмыстар алдын – ала жүргізілсе, жаһандану кезінде болып жатқан еліміздегі әлеуметтік өзгерістерге дарынды балалардың әсері мол болар еді.
Ключевые слова:
әдістер, дарындылық, шығармашылық қабілеті, категориялар, дамыту жолдары, көзқарастар, зерттеулер