Ключевое слово: «әдістер»

Ергалиева Г. А., Ахонова Ж. А. Бастауыш сынып оқушыларының құндылық бағдарын қалыптастыру // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2022. – . – URL: http://e-koncept.ru/2022/0.htm
Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының құндылық бағдарын қалыптастыруда қолданылатын әдеби көркем шығармалар мен халықтық мұрасына сүйенетін әдіс тәсілдердің тиімділігі қарастырылған.
Жумағалиева А. А., Ерболат Б. Е. Бастауыш сынып оқушыларының «Жаратылыстану» сабақтарында танымдық қызығушылықтарын арттыру // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2023. – . – URL: http://e-koncept.ru/2023/0.htm
Мақалада бастауыш сынып оқушыларына жаратылыстануды оқытудағы міндет – олардың түсініктерін кеңейтіп, ұғымдарын қалыптастыруда күнделікті жүйелі жұмыс жүргізу жолдары қарастырылған. Бұл жағдайда білімді игерудің бірінші кезеңі жеке табиғат құбылыстарын немесе деректерін қабылдау болып табылады. Қабылдау оқушының сенімі арқылы жүзеге асып, танымға ұласады. Қоршаған дүниені білу танымға байланысты. Оқушы бойында дүниетанымды қалыптастыруда адам , қоғам, табиғат туралы білімдер негізгі тірек болады.
Сагидулла А. Р., Казетова А. Х. Дарынды балалармен педагогикалық жұмыс ерекшеліктері // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2023. – . – URL: http://e-koncept.ru/2023/0.htm
Қазіргі таңда қоғамның интеллектуальдық және шығармашылық негізі – дарынды балалармен жас өспірімдердің дамуына қолайлы жағдай жасай білуімен байланысты. Дарынды балалармен жұмыс істеу кезінде мектептен тыс көркем өнер, музыкалық, спорттық мекемелер, ғылыми қоғамдар, жоғарғы оқу орындары айтарлықтай роль атқаруға тиіс. Өйткені «Дарындылар» аудиторияларын кеңейту және олардың шығармашылық қабілетінің дамуы үшін табиғи жағдайлардың сақталуына мүмкіндік беру көкейкесті мәселе болып отыр. Оқушы мектеп қабырғасында білім стандартына сәйкес білім алумен қатар, ғылым көкжиегіне көз жіберіп, зерттеу мен зерделеуді, саралап – сараптауды үйрене бастауы тиіс. Бүгінгі күні өте қабілетті, дарынды балаларды іріктеп, олардың дамуына жағдай жасау кезек күттірмейтін іс. Бала қабілеті мен дарынын толық ашу бала үшін ғана емес, ең алдымен, қоғам үшін маңызды. Егер, дарынды балаларды ата-аналары, ұстаздары, қоғам, құрдастары, тарапынан дұрыс әлеуметтік, педагогикалық тәрбие берілсе, профилактикалық жұмыстар алдын – ала жүргізілсе, жаһандану кезінде болып жатқан еліміздегі әлеуметтік өзгерістерге дарынды балалардың әсері мол болар еді.