Ключевое слово: «таным»
Дайынова Ж. Қ. Оқу үдерісінде шығармашылық жұмыстар арқылы белсенді әрекетті ұйымдастыру // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2023. – . – URL: http://e-koncept.ru/2023/0.htm
Мақалада оқушылардың белсенді әрекетін тудыратын шығармашылық жұмыстардың ғылыми тұжырымдары талданылады. «Белсенді әрекет», «шығармашылық жұмыстар» ұғымдарына ғылыми тұрғыдан түсінік беріледі. Оқу үдерісінде жаңа тәсілдермен ойлана алатын, өз бетінше ізденуге белсенді, шығармашылық таныммен тікелей өзара әрекеттесуге қабілетті шығармашылық тұлғаны дайындау мақсатында ұйымдастырылатын шығармашылық жұмыстар жайында сөз етіледі.
Жумағалиева А. А., Ерболат Б. Е. Бастауыш сынып оқушыларының «Жаратылыстану» сабақтарында танымдық қызығушылықтарын арттыру // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2023. – . – URL: http://e-koncept.ru/2023/0.htm
Мақалада бастауыш сынып оқушыларына жаратылыстануды оқытудағы міндет – олардың түсініктерін кеңейтіп, ұғымдарын қалыптастыруда күнделікті жүйелі жұмыс жүргізу жолдары қарастырылған. Бұл жағдайда білімді игерудің бірінші кезеңі жеке табиғат құбылыстарын немесе деректерін қабылдау болып табылады. Қабылдау оқушының сенімі арқылы жүзеге асып, танымға ұласады. Қоршаған дүниені білу танымға байланысты. Оқушы бойында дүниетанымды қалыптастыруда адам , қоғам, табиғат туралы білімдер негізгі тірек болады.