Ключевое слово: «қабілет»

Оңаш Т. О., Мусагалиева Г. Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды шығармашылыққа баулу // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2022. – . – URL: http://e-koncept.ru/2022/0.htm
Балалар шығармашылығы – бұл баланың субъективті жаңа өнімді (сурет, модельдеу, әңгіме, ертегі, ойын) және шығармашылық іс-әрекет процесінде баланың психикалық дамуы түрінде алынған қоғам үшін объективті маңызды эффект; нәтиже (белгілі жаңМа, бұрын қолданылмаған бөлшектерді ойлап табу, жасалған бейнені жаңаша сипаттау). Шығармашылық тұлға – бұл туа біткен бейімділіктер мен қабілеттер түрінде шығармашылық әлеуетке ие, жеке психологиялық ерекшелігі, таңдау еркіндігі және шығармашылық бағыты болады. Шығармашылық тұлғаны тәрбиелеуде тәрбиешінің шығармашылық әлеуеті және оның жұмысын ұйымдастыру шарттары үлкен рөл атқарады. Сондай – ақ, балалардың ойлау қабілетін тәрбиелеу шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу үшін өте маңызды.
Мухамбетжанова Ж. Т., Хасанова И. У. Бастауыш сынып оқушыларының оқырман мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-әдіснамалық негіздері // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2025. – . – URL: http://e-koncept.ru/2025/0.htm
Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының оқырман мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-әдіснамалық негіздері қарастырылады. Оқырман мәдениеті – оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастырып, танымдық қабілеттерін дамытудағы маңызды құрал. Мақалада оқырман мәдениетін қалыптастырудың психологиялық, педагогикалық және әдістемелік ерекшеліктері талданады. Сонымен қатар, оқушылардың кітапқа қызығушылығын арттыру жолдары мен заманауи технологияларды пайдалану мүмкіндіктері талқыланады.