Ключевое слово: «мәдениет»

Смагулова П. Е. Қазақ халқының ауыз әдебиетінің салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәні // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2021. – . – URL: http://e-koncept.ru/2021/0.htm
Қазақ халық ауыз әдебиетінің саласы мол мазмұны бай. Оны халқымыз үзбей тәлім-тәрбие ісіне пайдаланып келеді. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін келешекте де кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету-борышымыз. Ол үшін не істеуіміз керек?
Ильясова Г. Ш. Әдебиеттік оқу сабағында бастауыш сынып оқушыларының аксиологиялық мәдениетін қалыптастыру // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2024. – . – С. 361–365. – URL: http://e-koncept.ru/2024/0.htm
Мақалада бастауыш сынып оқушыларының аксиологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми негіздері талдана отырып, отбасы құндылығына мән беріледі. Ұлттық құндылықтар ұғымы, маңызы ғалымдардың тұжырымдары арқылы ашылады. Әдебиеттік оқу сабағында оқушылардың бойына отбасылық ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың жолдары талданады.
Мухамбетжанова Ж. Т., Хасанова И. У. Бастауыш сынып оқушыларының оқырман мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-әдіснамалық негіздері // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2025. – . – URL: http://e-koncept.ru/2025/0.htm
Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының оқырман мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-әдіснамалық негіздері қарастырылады. Оқырман мәдениеті – оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастырып, танымдық қабілеттерін дамытудағы маңызды құрал. Мақалада оқырман мәдениетін қалыптастырудың психологиялық, педагогикалық және әдістемелік ерекшеліктері талданады. Сонымен қатар, оқушылардың кітапқа қызығушылығын арттыру жолдары мен заманауи технологияларды пайдалану мүмкіндіктері талқыланады.