Ключевое слово: «ұлттық тіл»

Оразбаева Б. Н., Хасанова И. У. Жыл мезгілдері концептісін оқытудың танымдық сипаты // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2022. – . – URL: http://e-koncept.ru/2022/0.htm
Бұл мақалада жыл мезгілдері концептісін оқытуда әр жыл мезгілдері концептісінің ерекшеліктері сипатталады, әр мезгілде болатын өзгерістер, құбылыстар және сол құбылыстардың ежелгі және қазіргі ел ішіндегі атауларын таныту мақсатындағы теориялық негіздері мен оқыту әдістері қарастырылады. Халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қоғамдық мәдени даму сатысындағы озық үлгілері қамтылған жыл мезгілдерінің концептілік жүйесін бастауыш мектептен бастап қазақ тілі сабағында танымдық тұрғыдан оқытуға баса көңіл бөлінеді. Мәдени мұраларымыз негізінде жыл мезгілдері концептісін басты ұстаным етіп алып, ұлттық таным, ұлттық ойлауды қалыптастырудың тиімді жолдары көрсетіледі. Жыл мезгілдері концептісін оқытудың танымдық ерекшелігіне мән бере отырып, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту мақсаты көзделеді.