Ключевое слово: «жасанды интеллект»

Сундетбаева А. Ж. Білім беру саласында жасанды интеллектті қолдану // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2024. – . – URL: https://e-koncept.ru/2024/0.htm?id=41473
Білім берудегі жасанды интеллект: оқытуды және білімді бағалауды жақсартуға арналған инновациялар, яғни бұл тақырып білім беру әдістерін жетілдіру және білімді бағалау мақсатында білім беру процестеріне жасанды интеллектті енгізуді зерттейді. Жекелендірілген оқыту, интеллектуалды оқу платформаларын әзірлеу және білім алушылардың үлгерімін бағалау процестерін автоматтандыру сияқты аспектілер талқыланады.
Алиева Г. С. , Мухышева Г. М. Информатика саласындағы білімді өңдеудің теориялық негіздері және онтологиялық модельдеу әдістері // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2026. – . – URL: https://e-koncept.ru/2026/0.htm?id=51615
Бұл мақалада табиғи тілді өңдеу (NLP) әдістерінің информатика саласындағы қолданылуы қарастырылады. Атап айтқанда, білім беру және ақпараттық жүйелерде мәтіндік деректерді талдау, терминологиялық базаларды құру және онтологиялық модельдерді қалыптастыру мәселелері зерттеледі. Protégé бағдарламасы арқылы білімді формальды түрде сипаттау және визуализациялау мүмкіндіктері көрсетіледі. Сонымен қатар, NLP технологияларының интеллектуалды жүйелерді дамытудағы рөлі мен олардың деректерді құрылымдаудағы тиімділігі талданады. Жұмыс нәтижесінде білімді модельдеудің заманауи тәсілдері мен олардың практикалық қолдану аясы айқындалады.
Жамалова С. А. , Орынбай А. М. Жасанды интеллект білім беру жүйесінде: адаптивті оқу жүйелерінің мүмкіндіктері мен болашағы // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2026. – . – URL: https://e-koncept.ru/2026/0.htm?id=51629
Бұл мақалада жасанды интеллект (AI) технологияларының білім беру жүйесіне енгізілуі, атап айтқанда адаптивті оқу жүйелерінің (adaptive learning systems) дамуы мен қолданысы талданады. Зерттеу барысында AI негізіндегі оқыту платформаларының оқушылардың үлгеріміне, оқуға деген ынтасына және жеке оқу траекторияларын қалыптастыруға тигізетін ықпалы қарастырылады. Khan Academy, Duolingo, Coursera сияқты платформалардың тәжірибесі талданып, Қазақстан білім беру жүйесі үшін практикалық ұсыныстар берілген. Зерттеу нәтижелері AI-технологияларының оқу сапасын арттырудағы маңызды рөлін растайды және елдің цифрлық трансформация стратегиясымен тікелей байланысты.