Ключевое слово: «инклюзивті білім беру»

Кулдашева Н. У., Тлеугали А. А. Қашықтан оқыту жүйесінде инклюзивті білім берудегі педагогикалық-психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастыру жолдары // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2021. – . – URL: http://e-koncept.ru/2021/0.htm
Мақалада еліміздегі инклюзивті білім беру жағдайы, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қашықтан оқыту жағдайында педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету жұмыстарының түрлі бағыттары туралы қарастырылған.
Тапаева Л. С. Инклюзивті білім беруде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2021. – . – URL: http://e-koncept.ru/2021/0.htm
Бұл мақалада инклюзивті білім беруде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану жолдары қарастырылады. Бүгінде оқушылардың танымдық қабілетін арттыруда пайдаланылып жүрген тиімді әдіс-тәсілдерKahoot ойыны мен JGuiz, Jcloze, JMatch, JCross, Jmix, TheMasher, ActivInspireбағдарламалары талданылады.
Ескермесулы А. , Оспанова Ж. А. Білім экожүйесін модельдеу және инклюзивті білім беру аспектілері // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2021. – . – URL: http://e-koncept.ru/2021/0.htm
Бұл жұмыста 4-ші индустриялық революция қарсаңында білім берудегі өзгерістер қарастырылады. Қазіргі уақытта білім беруді тұтас экожүйе ретінде қарастыру қажеттілігі туралы сөз қозғалады. Білім экожүйесінің факторлары мен моделі ұсынылған. Білім экожүйесінің моделінде орталық назар білім алушыда болады. Сонымен қатар білім экожүйесі жағдайында инклюзивті білім беру аспектілері қарастырылған.
Жамалова С. А., Тулебаева Ж. Сандық технологиялардың көмегiмең инклюзивтi бiлiм беру // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2025. – . – URL: http://e-koncept.ru/2025/0.htm
Мақалада сандық технолгиялардың көмегімен инклюзивті білім берудің мәні мен маңызы және ерекшеліктері қарастырылады. Қазіргі кезде қоғам өмірінің барлық салаларында цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді.Сонымен қатар, білім беру саласы да бұл өзгерістерден тыс қалған жоқ,жаңа өзгерістер алып келуде. Әсіресе, инклюзивті білім беруде цифрлық технологиялар ерекше рөл атқарады. Инклюзивті білім – бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тең білім алу мүмкіндігін жасауға бағытталған жүйе болып табылады .Осы процесті тиімді жүзеге асыруда сандық технологиялармен платформалардың рөлі ерекше. Сондай-ақ,онлайн оқыту платформалары (Bilimland, Moodle, Coursera және т.б.) және де, интерактивті тақталар мен смарт құрылғылар, мобильді қосымшалар мен арнайы бағдарламалардың көмегімен жүзеге асыру мүмкіндіктері атап өтіледі.