Ключевое слово: «әдіс-тәсілдер»
Тапаева Л. С. Инклюзивті білім беруде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2021. – . – URL: http://e-koncept.ru/2021/0.htm
DOI 10.52376/978-5-907419-41-4_180
Бұл мақалада инклюзивті білім беруде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану жолдары қарастырылады. Бүгінде оқушылардың танымдық қабілетін арттыруда пайдаланылып жүрген тиімді әдіс-тәсілдерKahoot ойыны мен JGuiz, Jcloze, JMatch, JCross, Jmix, TheMasher, ActivInspireбағдарламалары талданылады.
Ключевые слова:
инклюзивті білім беру, ақпараттық-коммуникативтік технология, танымдық қабілет, әдіс-тәсілдер, kahoot ойыны, jguiz, jcloze, jmatch, jcross, jmix, themasher, activinspire, бағдарлама
Қосаев Т. Оқушылардың ойлау дағдыларын дамытатын жаңа әдіс-тәсілдер және оларды тиімді қолдану // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2023. – . – URL: http://e-koncept.ru/2023/0.htm
Бұл мақалада оқушылардың ойлау дағдыларын дамытатын жаңа әдістерге ғылыми, әдістемелік тұрғыдан талдау жасалады. Оқушылардың ойлау дағдыларын дамытатын әдіс-тәсіл түрлері талданып, мысалдар арқылы оларды тиімді қолдану жолдары түсіндіріледі. Әдіс-тәсілдерді қолдану ерек-шеліктері жөнінде сөз болады.
Ключевые слова:
логика, интеллект, әдіс-тәсілдер, ойлау, бастауыш мектеп, жас ерекшелігі, оқу іс-əрекеті, психикалық үдеріс
Куспанова Г. К. Қазақ тілі сабақтарында зерттеушілік сұрақтарды қолдану арқылы жаңа тақырыпты меңгерту жолдары // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2024. – . – С. 296–300. – URL: http://e-koncept.ru/2024/0.htm
Мақалада қазіргі білім беру жүйесінде маңызды рөл атқаратын диалогтік оқытудың зерттеушілік әңгіме (зерттеушілік сұрақ) тәсілінің бастауыш сыныпта жаңа тақырыпты меңгертудегі маңызы сөз болады. Зерттеушілік сұрақтардың оқушы мен мұғалім үшін тиімділігі әр түрлі әдебиеттерге шолу жасау арқылы жинақталып, зерттеушілік сұрақты қазақ тілі сабақтарында ұсынудың тиімді жолдары мен әдістері беріледі.
Ключевые слова:
диалог, әдіс-тәсілдер, қазақ тілі, бастауыш білім, диалогтік оқыту, зерттеушілік сұрақ, жаңа тақырып, сұрақ-жауап
Сисенгазиева М. Б. Бастауыш сыныпта «Отан» концептісін меңгертудегі тиімді тәсілдер // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2024. – . – С. 171–175. – URL: http://e-koncept.ru/2024/0.htm
Мақалада тіл білімі ғылымындағы «концепт» терминіне ғылыми түсінік беріліп, «Отан» концептісінің мағынасы ашылады. Бастауыш сыныпта «Отан» концептісін меңгертудің маңызы мен тиімді жолдары сөз болады. Оқу бағдарламасы аясында 2-сыныпта оқытылатын тараулар бойынша «Отан» концептісін меңгерту бойынша әдіс-тәсілдерден мысал келтіріледі.
Ключевые слова:
концепт, әдіс-тәсілдер, бастауыш сынып, тіл білімі, отан, туған жер, атамекен, тағылым