Ключевое слово: «ұлттық сана»
Куанышева К. С., Хасанова И. У. Когнитивті оқыту арқылы оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыру // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2022. – . – URL: http://e-koncept.ru/2022/0.htm
Мақалада когнитивті оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық санасын қалыптастыруда қарастырылатын негізгі тұжырымдар түсіндіріледі. Қазақ тіл біліміндегі когнитивті тіл білімі мен лингвомәдениеттану ғылымдарының зерттеу нәтижелерін педагогикалық тұрғыдан негіздеп, грамматикалық ұғымдарды меңгертудің ұлттық танымдық санамен байланысты қыры қарастырылады. Адамзаттық құндылықтар мен рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, еліне қызмет ететін елжанды тұлғаны тәрбиелеуде, алдымен, ұлттық сана ұғымына түсінік беріліп, қазақ тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының ұлттық санасын қалыптастырудың маңыздылығы айтылады.
Ключевые слова:
ұлттық тәрбие, когнитивті тіл білімі, лингвомәдениеттану, когнитивті оқыту, ұлттық таным, ұлттық сана, қазақ тілі, бастауыш сынып