Ключевое слово: «қазақ тілі»
Куанышева К. С., Хасанова И. У. Когнитивті оқыту арқылы оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыру // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2022. – . – URL: http://e-koncept.ru/2022/0.htm
Мақалада когнитивті оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық санасын қалыптастыруда қарастырылатын негізгі тұжырымдар түсіндіріледі. Қазақ тіл біліміндегі когнитивті тіл білімі мен лингвомәдениеттану ғылымдарының зерттеу нәтижелерін педагогикалық тұрғыдан негіздеп, грамматикалық ұғымдарды меңгертудің ұлттық танымдық санамен байланысты қыры қарастырылады. Адамзаттық құндылықтар мен рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, еліне қызмет ететін елжанды тұлғаны тәрбиелеуде, алдымен, ұлттық сана ұғымына түсінік беріліп, қазақ тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының ұлттық санасын қалыптастырудың маңыздылығы айтылады.
Ключевые слова:
ұлттық тәрбие, когнитивті тіл білімі, лингвомәдениеттану, когнитивті оқыту, ұлттық таным, ұлттық сана, қазақ тілі, бастауыш сынып
Карткужакова М. У. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдысын дамытатын жаттығулар // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2024. – . – С. 351–355. – URL: http://e-koncept.ru/2024/0.htm
Мақалада бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар туралы сөз болады. Қазіргі таңда қазақ тілін оқытуда өзекті тақырыптардың бірі ретінде сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, бастауыш сынып оқушылары үшін қызықты, танымдық, шығармашылық бағыттағы жаттығулар қарастырылады. Жаттығулардың тиімді жақтары мен жұмыс соңында игеретін нәтижелері де айтылады.
Ключевые слова:
қазақ тілі, бастауыш сынып, сөйлеу дағдылары, жаттығулар, қарым-қатынас, этикеттік сөйлеу
Куспанова Г. К. Қазақ тілі сабақтарында зерттеушілік сұрақтарды қолдану арқылы жаңа тақырыпты меңгерту жолдары // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2024. – . – С. 296–300. – URL: http://e-koncept.ru/2024/0.htm
Мақалада қазіргі білім беру жүйесінде маңызды рөл атқаратын диалогтік оқытудың зерттеушілік әңгіме (зерттеушілік сұрақ) тәсілінің бастауыш сыныпта жаңа тақырыпты меңгертудегі маңызы сөз болады. Зерттеушілік сұрақтардың оқушы мен мұғалім үшін тиімділігі әр түрлі әдебиеттерге шолу жасау арқылы жинақталып, зерттеушілік сұрақты қазақ тілі сабақтарында ұсынудың тиімді жолдары мен әдістері беріледі.
Ключевые слова:
диалог, әдіс-тәсілдер, қазақ тілі, бастауыш білім, диалогтік оқыту, зерттеушілік сұрақ, жаңа тақырып, сұрақ-жауап
Темирболатова А. Б. Бастауыш сыныпта фонетиканы оқытуда акт қолдану // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2024. – . – С. 96–100. – URL: http://e-koncept.ru/2024/0.htm
Мақалада қазақ тілінің фонетика тақырыбын оқытуда АКТ қолданудың ғылыми, әдістемелік ерекшеліктері баяндалады. Оқушылардың материалды қызығушылықпен меңгеріп, өздік жұмысын дамытуға жағдай туғызуда ақпараттық технологияларды тиімді қолдану жолдары көрсетіледі.
Ключевые слова:
фонетика, қазақ тілі, бастауыш сынып, ойын, әдіс, ақпараттық-коммуникациялық технология, өздік жұмысы